Техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес жоспарлы ТҚК өту үшін өндіруші белгілеген мерзімде HAVAL уәкілетті дилерлік орталықтарына баруды ұсынамыз.
Автокөлікті жөндеу кезінде тікелей ұсынылатын немесе "Haval Motor Kazakhstan" ЖШС пайдалануға бекітілген бөлшектерді пайдалану қажет. Автокөлікті пайдалану кезінде "пайдалану жөніндегі нұсқаулықта"көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Мінсіз әрі сенімді жұмыс істеуі үшін Сіздің автокөлігіңізге Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес, оның ішінде «1 айлық ТҚК»-ді қоса алғанда, техникалық қызмет көрсетуді тұрақты түрде өткізу қажет.
Кезеңдік техникалық қызмет көрсету ресми Дилерлерде жүргізілуі тиіс, олардың тізімін сайттағы «Байланыстар» бөлімінен таба аласыз.
Белгіленген техникалық қызмет көрсету аралықтарынан ауытқу 1000 км-ден немесе 1 айдан (қайсысы бұрын орын алса) аспауы тиіс.
Кезекті техникалық қызмет көрсетудің өткізілу күні мен жүрісі автокөлікке кепілдік басталған күннен бастап өткен уақыт пен жүріске байланысты айқындалады. Осылайша, техникалық қызмет көрсетудің екі тәртібі бар: «уақыт бойынша» және «жүріс бойынша» (қайсысы бұрын орын алғанда).
Егер автокөлікті пайдалану шарттары «уақыт бойынша» техникалық қызмет көрсетуге жатқызылса немесе керісінше, режимдер арасындағы ауысу мына қағидаға сәйкес жүзеге асырылады: техникалық қызмет көрсету аралығы 10 000 км жүрістен немесе 12 айдан (қайсысы бұрын орын алғанда) аспауы тиіс.
Су кедергілерінен өткен кезде немесе автокөліктің тиісті тораптары суға түскеннен кейін трансмиссия тораптарындағы және қозғалтқыштағы майды ауыстыру ұсынылады.
Кезеңдік техникалық қызмет көрсетуді орындамау немесе тиісінше орындамау, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету ресми емес Дилерде жүргізілген жағдайда, кепілдік жөндеу жұмыстарынан бас тартуға негіз болуы мүмкін.
«1 айлық ТҚК» — жаңа автокөлік сатып алынған сәттен бастап 1 (бір) ай өткенде немесе 1000 (бір мың) км жүрістен кейін (қайсысы бұрын орын алса) жүргізілетін қызмет көрсету. Бұл қызмет GWM автокөлігінің иесі үшін тегін болып табылады, алайда Сізбен келісім бойынша қосымша пайдаланылатын шығын материалдарына, сұйықтықтарға, қосалқы бөлшектерге және оларды ауыстыру жұмыстарына бұл кірмейді.
Жоспарлы ТҚК — бұл тек қозғалтқыш майын регламент бойынша ауыстыру ғана емес.
ТҚК барысында төмендегі жұмыстар орындалады:
- қозғалтқыштың мотор майы мен май сүзгісін ауыстыру;
- қозғалтқыштың ауа сүзгісін ауыстыру;
- салонды жылыту және кондиционерлеу жүйесінің сүзгісін ауыстыру.
Автокөліктің төмендегі жүйелері мен тораптарына тексеру/қарау жүргізіледі
- қозғалтқышты іске қосу жүйесіндегі сұйықтық;
- қозғалтқыштағы салқындатқыш сұйықтық;
- автоматты беріліс қорабындағы май (2WD және 4WD);
- аспалы агрегаттардың жетек белдіктері және жетек белдіктерінің роликтері;
- автокөліктің барлық жүйелерінің шлангтары мен патрубкалары;
- аккумулятор батареясы;
- рульдік басқару күшейткішінің гидрожүйе сұйықтығы;
- аспа бөлшектері (шаңқаптарды қоса алғанда), шарлы тіректер, бекіту элементтері;
- жетек буындарының қаптары мен шаңқаптары (ШРУС);
- рульдік жетек буындары, қаптары және шаңқаптары;
- кардан біліктерінің буындары (крестовиналары) және бекіту элементтері;
- қозғалтқыштың пайдаланылған газдарды шығару жүйесі (тығыздығы);
- ілініс пен тежегіш педальдарының бос жүрісі;
- тұрақ тежегішінің жетегі;
- доңғалақтар мен шиналар (қысым, тозу, бекіту элементтерінің тартылу моменті);
- отын жүйесінің құбыржолдары (тығыздығы);
- есік құлыптары, топсалары, бекіткіштері;
- әйнек тазалағыштар, әйнек жуғыштар, фар жуғыштар;
- жарықтандыру аспаптары, жарық және дыбыстық дабыл жүйелері.
Қызмет көрсету регламентін сақтау және толық техникалық қызмет көрсетуден тұрақты түрде өтіп тұру — автокөлігіңіздің сенімділігі мен ұзақ қызмет етуінің кепілі!